24.10.2023 | 02:19

Асылжан Есенгелді - әлем чемпионатының финалисі!

Асылжан Есенгелді Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі палуандар арасындағы әлем чемпионатының финалында, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Ұлттық құрама спортшысы (61 кг) аса тартысты өткен жартылай финалда қырғыз бозкілем шебері Тайырбек Жумашбек уулудан басым түсті.

Оған дейін Асылжан алғашқы белдесуінде жапониялық Каито Моританы, ширек финалда үндістандық палуан Акаш Дахияны сенімді жеңген. Ертең отандасымыз бас жүлде жолында Башир Магомедовпен (Ресей) күреседі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес