29.06.2023 | 09:03

Ауыр атлетикадан VI жазғы Спартакиада: 5-ші жарыс күнінің нәтижесі

Бұл күндері Алматыда ауыр атлетикадан VI жазғы Спартакиада өтіп жатыр. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық атлет қатысуда.

Әйелдер арасында 87 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алматы қаласының өкілі Арай Нұрлыбекова 217 келі салмақты бағындырып (96+121) топ жарды. Одан 13 келі аз көтерген ақмолалық Мира Ахметова 204 (88+116) екінші орынға жайғасты. Ал алматылық Ақерке Байманап 184 ( 84+100) үздік үштікті қорытындылады. 87 келіден жоғары салмақ бойынша қарағандылық Любовь Ковальчук 250 (110+140) жеңімпаз атанды. Қызылорда облысының спортшылары Айсамал Сансызбаева 208 (90+118) күміспен күптелсе, Динара Қыпшақбай 200 (89+111) қоланы қанжығасына байлады.

Ерлер арасында 81 келіде алматылық Еламан Сейітқазы  336 (150+186) бірінші, Шымкент қаласының өкілі Александр Уваров 335 (149+186) екінші, ал шығысқазақстандық Денис Уланов 325 (145+180) үшінші орынды иеленді.

Естеріңізге сала кетейік, Спартакиада ертең, 29 маусымда аяқталады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес