25.06.2023 | 19:23

Ауыр атлетикадан VI жазғы Спартакиаданың 2-ші жарыс күні аяқталды

Алматы қаласында ауыр атлетикадан ҚР VI жазғы Спартакиадасының 2-ші жарыс күні мәресіне жетті. Бұл сында 15 өңірден келген 150-ге жуық зілтемірші бақ сынап жатыр. Бүгін әйелдер арасында 2 және ерлер арасында 1 салмақ дәрежесінде Спартакиаданың жеңімпаздары мен жүлдегері анықталды. Сондай-ақ дода барысында ешкімге дес бермей, 59 келіде жеңімпаз атанған қызылордалық Алтынай Тәңібергенова дайындығы мен жарыстан алған әсері жайлы айтып берді.

«Бүгінгі бәсеке жоғары деңгейде өтті. Алтын алғаныма өте қуаныштымын. Жаттықтырушыммен байланысты үзбей, дайындықты жоспарлы түрде орындауға тырыстық. Бұнымен тоқтамаймыз, алда әлі талай жарыстар күтіп тұр», - деді Алтынай Тәңірбегенова Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер:

Әйелдер, 55 кг:

1. Дарья Балабаюк (Қарағанды облысы)

2. Раушан Сүйінбек (Жамбыл облысы)

3. Бибісара Жанболат (Жетісу облысы)

59 кг:

1. Алтынай Тәңірбергенова (Қызылорда обл)

2 Евгения Галямова (ШҚО)

Ерлер, 61 кг:

1. Сайрамкез Ақмолда (Жетісу обл)

2. Сергей Чуев (Жетісу обл)

3. Мақсат Қуантқан (Қызылорда обл)

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес