18.05.2026 | 13:38
Бөлісу:
АУЫР АТЛЕТИКАДАН ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫ ЖАЛПЫ ЕСЕПТЕ ҮЗДІК АТАНДЫ
Ауыр атлетикадан 12-18 мамыр аралығында Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионаты ресми түрде мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жарыстың соңғы күнінде аса ауыр салмақта ерлер жүлдені сарапқа салып, Бағдат Маматқұл айқын басымдықпен топ жарды.
Ерлер, +110 келі, жүлдегерлер:
1. Бағдат Маматқұл (Шымкент қаласы) – 371 келі (156+208)
2. Сағынбек Самарқан (Жетісу облысы) – 357 келі
3. Максим Варивода (Жетісу облысы) – 338 келі (155+183)
«Менің салмағымдағы көшбасшылар бүгінгі жарысқа қатыспады. Сондықтан жеке-дара үздік атандым. Шынымды айтсам, мен 2019 жылдан кейін ғана Талдықорған қаласында екінші мәрте өнер көрсетіп жатырмын. Көрсеткішіме көңілім толмайды. Әлі қос жаттығуда да кемі 10 келіден қосуым керек», - деді Бағдат Маматқұл.

Әйелдер:
1-орын. Жетісу облысы
2-орын. Қарағанды облысы
3-орын. Алматы қаласы
Ерлер:
1-орын. Жетісу обл
2-орын. Қарағанды обл.
3-орын. ШҚО
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық