31.05.2022 | invalid

Авто-мотоспорттан ел чемпионатының 2-кезеңі өтті

27-30 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласы Үркер шағын ауданы маңайында трофи-рейдтен Қазақстан чемпионатының 2-кезеңі өтті.

Жарысқа Алматы, Ақмола,  Жамбыл, Қарағанды, Қостанай облысы мен Нұр-Сұлтан және Алматы қаласынан 21 экипаж (42 спортшы (пилот, штурман) қатысып ТР-1, ТР-2 ТР-3 санаттары бойынша өзара жеңімпаздарды анықтады. Биылғы Тофи-рейдтен Ел чемпионатының маусым жеңімпаздары бес кезең қортындысымен анықталып, ұлттық құрама команданың тізімі жасақталады.

Айта кетейік, ел чемпионаты Авто-мотоспорт федерациясы, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, Нұр-Сұлтан қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес