26.05.2026 | 17:28
Бөлісу:
АЙБОТА ЕРТАЙҚЫЗЫ КӨРКЕМ ГИМНАСТИКАДАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА КЕЗЕКТІ ЖҮЛДЕСІН ЖЕҢІП АЛДЫ
Бүгін Бішкекте өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында қазақстандық Айбота Ертайқызы жекелей сындағы таспа сайысының финалында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Отандасымыз таста жаттығуының ақтық сынында 27.85 ұпай жинады. Осы бағдарламада өзбекстандық Тахмина Икромова (28.45) жеңімпаз атанса, ал өзбекстандық Наталья Усова (28.35) күміс медаль иеленді.
Сондай-ақ тағы спортшымыз Ақмарал Ерекешева (27.15) бұл бәсекеде төртінші орыннан көрінді.
Естеріңізге сала кетейік, Айбота былтырғы Сингапурда өткен сары құрлық додасында таспа сайысында чемпион, ал көпсайыста қола жүлдегер атанған болатын. Сондай-ақ бұл дода күзде Жапонияда өтетін Азия ойындарына дайындық кезеңдерінің бірі саналады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық