10.05.2026 | 17:19
Бөлісу:
АЙДАР АРАПОВ QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM ТУРНИРІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Астанада өтіп жатқан дзюдодан әлемдік рейтингтік Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінің үшінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір қола жүлдемен толықты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
90 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Айдар Арапов қола медаль үшін өткен белдесуде қарсыласы Де Вит Фрактан (Нидерланд) басым түсіп, Grand Slam деңгейіндегі алғашқы жүлдесіне қол жеткізді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: