02.02.2024 | 22:37

Айдос Сұлтанғали мен Мейіржан Шермаханбет жылды ел чемпионатында топ жарудан бастады

Астана қаласында күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының екінші күні грек-рим күресінің палуандары қалған 5 салмақта боз кілемге шығып, жеңімпаз бен жүлдегерлерді анықтады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

60 кг:

Алтын – Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы)

Күміс – Ғалым Қабдунасаров (Жетісу облысы)

Қола – Дастан Зарлыханов (Ақмола облысы)

Қола – Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы)

67 кг:

Алтын – Мейіржан Шермаханбет (Шымкент қаласы)

Күміс – Дінмұхаммед Қошқар (Жамбыл облысы)

Қола – Алмат Аманбек (Алматы облысы)

Қола – Алмат Кебіспаев (Қарағанды облысы)

77 кг:

Алтын – Демеу Жадыраев (Алматы облысы)

Күміс - Тамерлан Шадукаев (Қостанай облысы)

Қола – Ибрагим Магомедов (Қарағанды облысы)

Қола – Әбдіәзім Қарабаев (Шымкент қаласы)

87 кг:

Алтын – Азамат Құстыбаев (Астана қаласы)

Күміс – Мақсат Сайлау (Астана қаласы)

Қола – Тамерлан Тұрдыақын (Шымкент қаласы)

Қола – Диас Қален (Жетісу облысы)

130 кг:

Алтын – Әлімхан Сыздықов (Шымкент қаласы)

Күміс – Салауат Ахметқали (ШҚО)

Қола – Джохар Узаров (Шымкент қаласы)

Қола – Мансур Шадукаев (Қостанай облысы)

Айта кетейік, қазір грек-рим күресінен Ұлттық құрамада Париж Олимпиадасының бір жолдамасы бар. Нұрсұлтан Тұрсынов былтыр Белградтағы әлем чемпионатында 5-орын алып, елге лицензия сыйлаған. Сол себепті Нұрсұлтан бұл чемпионатқа қатысқан жоқ.

Ертең әйелдер күресінен барлық салмақтағы жүлдегерлер белгілі болады. Қазақстан чемпионатын Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Жалпы 10 салмақ бойынша жүлде кестесі мынадай:

1. Жетісу облысы — 2 алтын, 2 күміс, 1 қола

2. Шымкент қаласы — 2 алтын, 4 қола

3. Қызылорда облысы — 2 алтын

4. Астана қаласы — 1 алтын, 2 күміс

5. Жамбыл облысы — 1 алтын, 1 күміс, 1 қола

6-7-орын. СҚО — 1 алтын

6-7-орын. Атырау облысы — 1 алтын

8-орын. Қостанай облысы — 2 күміс, 3 қола

9-орын. ШҚО — 2 күміс, 2 қола

10-орын. Алматы облысы — 1 күміс, 2 қола

11-орын. Қарағанды облысы — 3 қола

12-13-орын. Түркістан облысы — 1 қола

12-13-орын. Алматы қ. — 1 қола

Ақмола облысы — 1 қола

Ақтөбе облысы — 1 қола

Грек-рим күресінен Ұлттық құраманың бас бапкері Юрий Мельниченко чемпионатты қорытындылай келе былай деді:

«Олимпиадаға іріктеу кезеңі болған соң, турнир өте тартысты өтті. Неге? Себебі, өз салмақтарының көшбасшылары бірнеше келі қосып немесе азайтып күресті. Мысалы, Ғалым Қабдунасаров 63 келіде Қазақстан чемпионы. Осы жолы 60 келіде финалға дейін жетті. 55 келіде 20  жасқа дейінгі (U20) жастар арасында өткен әлем чемпионы Исхар Құрбаев та 60 келіге көтерілді. Мейрамбек Айнағұлов та жақсы күресіп, қола жүлдеге ие болды. Дегенмен, Айдос Сұлтанғали өзінің мықтылығын көпшілікке мойындатты. Балуанымыздың денсаулығына байланысты емделгенін де ескерген жөн.

67 келіде Мейіржан Шермахамбет те көзіне 3 мәрте ота жасатып, қайта үлкен спортқа оралды. Әсіресе ширек финалдағы белдесуде әлем чемпионатының 5 мәрте жүлдегері Алмат Кебіспаевтан басым түсті.

77 келіде Демеу Жадыраев былтыр әлем чемпионатында лицензияға бір ғана қадам қалғанда тоқтап еді. Осы жолы ол шеберлігін одан әрі күшейтіп, қайта топ жарды. Күміс жүлдегер Тамерлан Шадукаев та ауыр жарақаттан соң, аз дайындықпен финалға жеткені үлкен жетістік»,-діді бас бапкер.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес