04.10.2023 | 15:25

Айдос Сұлтанғали қола медаль үшін белдесуде жеңіліп қалды

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы ХІХ жазғы Азия ойындарында грек-рим күресінен алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Айдос Сұлтанғали (60 кг) қола медаль үшін белдесуде Сын Риге (Солтүстік Корея) есе жіберді. Есеп 1-2.

Ал бас жүлдені жуырда ғана Белградта 2 дүркін әлем чемпионы атанған Жоламан Шаршенбеков (Қырғызстан) пен Аята Сузуки сарапқа салады.

Қазақ палуаны күндізгі сессияда әуелі Чи Джуи Хуанды (Тайбэй) таза жығып, ширек финалда 2021 жылғы әлем чемпионы (63 кг) ирандық Мейсам Далханидан айласын асырған (4-2). Алайда жартылай финалда былтырғы Азия чемпионатының қола жүлдегері Аята Сузукиге (Жапония) есе жіберді.

Айдос былтыр Белградтағы әлем чемпионатынан кейін жарақатына байланысты үзіліс алған. Биыл бозкілемге қайта оралып, жазда Германия Гран-приінде топ жарды.

Сондай-ақ оның еншісінде әлем чемпионатының 2 қоласы мен Азия чемпионының алтыны бар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес