19.08.2023 | 19:56

Әйелдер арасында винтовкамен нысана көздеуден сайыс аяқталды

Әзербайжан астанасы Бакудегі нысана көздеуден 53-ші әлем чемпионатында әйелдер арасында пневматикалық винтовкамен 10 метрден оқ ату сайысы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Назарларыңызға Қазақстан құрамасы спортшыларының іріктеу кезеңіндегі нәтижесін ұсынамыз:

Елизавета Безрукова – 18-орын (629.0 ұпай)

Александра Ле – 47-орын (626.4 ұпай)

Анастасия Григорьева – 85-орын (622.8 ұпай).

Мұнда барлығы 140 спортшы іріктеуде сынға түсті. Финалға ең көп ұпай жинаған 8 мерген шықты. Олардың арасындағы жарыс енді басталды. Барлық финалды Халықаралық нысана көздеу федерациясының (ISSF) YouTube арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сәл ертеректе ерлер арасында осы бағдарламада Ислам Сатпаев финалда 4-орын алып, Париж Олимпиадасының жолдамасына иелік етті. Ал Константин Малиновский 64-орын (624,1 ұпай), Илья Федин 72-орынға (623,1 ұпай) тұрақтады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес