01.03.2026 | 01:21
Бөлісу:
ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ MUHAMET MALO ТУРНИРІНДЕ 1-ОРЫН АЛДЫ
Тирана қаласында (Албания) 26–28 ақпан аралығында өтіп жатқан күрес түрлерінен халықаралық рейтингтік турнирде Қазақстан әйелдер құрамасы командалық есепте бірінші орынды иеленді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жалпы қорытынды:
1. Қазақстан
2. Үндістан
3. АҚШ
Жарыстың үшінші күнінде аруларымыз бірнеше жүлдеге қол жеткізді. 72 кг салмақта Жәмилә Бақбергенова алтын медаль жеңіп алып, турнир чемпионы атанды. Сонымен қатар Нилуфар Раймова (57 кг) қола жүлдеге ие болса, 76 кг салмақта Гүлмарал Еркебаева да үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, додаға әйелдер арасында 22 мемлекеттен 107 спортшы қатысты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
ТЫНЫС ДҮБЕК АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ