28.06.2025 | 15:06

ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ТҮРКИЯДАҒЫ ТУРНИРДЕ 3-ОРЫН АЛДЫ

Түркияның Коджаэли қаласында әйелдер күресінен халықаралық жарыс мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Екінші жарыс күні Қазақстан командасының қоржынына тағы 3 медаль түсті.

Лаура Альмағанбетова (-57 кг) 2-орын

Ирина Казюлина (-68 кг) 3-орын

Эльмира Сыздыкова (76 кг) 3-орын

Кеше біздің спортшылар 2 күміс, 1 қола жүлде иеленген. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Қазақстан 3-сатыға тұрақтады.

Түркия 1-орын

Үндістан 2-орын

Қазақстан 3-орын

Енді Яшар Догу, Вехби Эмре және Хамит Капланды еске алуға арналған халықаралық турнир еркін күрес бәсекесімен жалғасады. Бұл сында Ұлттық құрама сапындағы бірнеше палуан күш сынасады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес