09.03.2024 | 10:44
Бөлісу:
Әйелдер күресінде Қазақстан 6 медаль жеңіп алды
Түркияның Анталья қаласында өтіп жатқан белгілі палуандар – Яшар Догу, Хамит Каплан және Вехби Эмрені еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнирде әйелдер күресінен Қазақстан құрамасы 6 медаль алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Екінші жарыс күні бозкілемге шыққан Ирина Кузнецова (62 кг) финалға жетіп, қырғыз палуаны Айсұлу Тыныбековаға есе жіберіп, күміс жүлде алды. Ал Гүлдана Бекеш (59 кг), Елена Шалыгина (68 кг) мен Шәмшиябану Тастанбек (72 кг) қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, алғашқы күні Эльмира Сыздықова (76 кг) күміс, Эмма Тисина (57 кг) қола жүлдеге ие болған. Жалпы командалық есепте әйелдер арасында Жапония 135 ұпаймен 1-орын алса, Моңғолия (133 ұпай) екінші, Қазақстан 122 ұпаймен (2 күміс, 4 қола) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, биыл тарихы терең турнирге 25 мемлекеттен 600-ден астам палуан жиналды. Турнирді еркін күрес шеберлері аяқтайды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖӘМИЛА БАҚБЕРГЕНОВА – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ 4 ДҮРКІН ЖҮЛДЕГЕРІ
ЖӘМИЛӘ БАҚБЕРГЕНОВА 3-РЕТ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ