27.10.2023 | 23:22

Әйелдер күресінде қоржынға 2 жүлде түсті

Алтын Шағаева мен Ирина Кузнецова Албания астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Алтын (53 кг) кеше жартылай финалда Мариана Драгутаннан (Молдова) ұтылған. Қола медаль үшін белдесуде Беатрис Йеноладан (Румыния) қарсыласынан басым түсті. Бұл салмақта жапониялық Мако Ооно топ жарды.

Ирина 62 кг дейінгі салмақтың ширек финалда украиналық Ирина Бондарьға жол берді. Жұбаныш белдесуінде Морена де Витаның (Италия) осал тұсын тапты. Бүгін қола жүлдеге таласта үндістандық спортшыны жеңді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес