19.03.2023 | 20:10

Әйелдер құрамасы Малайзиядағы турнирдің күміс жүлдегері атанды

Бүгін Малайзияның Сандакан қаласында регби-7 ден дәстүрлі Borneo7s турнирі аяқталды. Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Жаңа Зеландияның Eagles командасынан 22-10 есебімен жеңіліп, күміс жүлдегер атанды. Бұл матчқа Ұлттық құраманың негізгі 2 ойыншысы жарақат алып қалуына байланысты қатыса алмады. Барлығы бұл бәсекеге 12 қазақстандық аттанған.

Айта кетейік, бәсекенің 2-күні еліміздің әйелдер құрамасы Аустралияның Briars клубын 24:0 есебімен, сосын, Үндістан құрамасын 29:5 есебімен жеңген. Ал алғашқы матчта Малайзияның Labuan Wipers командасын ойсырата (52:0) ұтты. Жартылай финалда Сингапур ұлттық құрамасынан 12-0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, бұл турнир 2001 жылдан бері пандемияға дейін жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы жүлде қоры ерлер мен әйелдер үшін 5 мың АҚШ доллары.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес