14.05.2024 | 21:40

Әйелдер құрамасы қатарынан үшінші рет жеңіске жетті

Чонбури қаласында (Таиланд) өтіп жатқан индорхоккейден Азия Кубогының үшінші ойынында Қазақстан әйелдер құрамасы Оман командасын 8:0 есебімен сенімді ұтты, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Біздің ойыншылар сапынан Виктория Лобанова хет-трик жасаса (3 гол), Балжан Бейсенбай мен Виктория Ляпина 2 голдан салды. Сосын Гүлсина Ізбасарова мергендік танытып, қорытынды есепті тіркеді.

Бұған дейін біздің команда Вьетнам мен Малайзиядан басым түскен.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес