31.03.2024 | 17:47
Бөлісу:
Айнұр Әбдіхалықова Әлем Кубогында 5-орын алды
Бүгін Таиландтың Пхукет қаласында басталған лицензиялық Әлем Кубогында Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Айнұр Әбдіхалықова бақ сынады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Айнұр 49 кг дейінгі салмақта С тобында 5-сатыдан көрінді. Ол жұлқа көтеруде 72 кг, серпе көтеруде 88 кг зілтемірді ырқына көндіріп, 160 кг нәтижемен шектелді.
Бұл топта Кантика Айса (Индонезия, 84+100) топ жарса, Папуа-Жаңа Гвинея өкілі Дика Тоуа (75+96) екінші, Там Нгуен (Ирландия, 70+96) үшінші орын алды.
Мұнда Олимпиада лицензиясының тағдыры 1 сәуірде А және В тобындағы атлеттер сынға түскенде шешіледі.
Пхукеттегі Әлем Кубогында бақ сынайтын Қазақстан құрамасы мынадай: Дарья Балабаюк (59 кг), Айсамал Сансызбаева (+87 кг), Ерназ Алпысов (55 кг), Сергей Петрович (89 кг) и Сұлтан Мейрам (109 кг). Сергей Петрович Айнұр Әбдіхалықова секілді Париж Олимпиадасының жолдамасына таласады.
Барлығы Әлем Кубогының кезеңіне 110 елдің 466 спортшысы жиналды.
Сурет: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықМЕМЛЕКЕТТІК ЖАТТЫҚТЫРУШЫ ЖОБАСЫ: МЕҢДІХАН ТӘПСІР
АУЫР АТЛЕТИКАДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
ЕДІГЕ ЕМБЕРДІ ИСПАНИЯДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН ОРАЛДЫ