17.09.2022 | 23:40

Азамат Дәулетбеков Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Азамат Дәулетбеков Сербия астанасы Белградта өтіп жатқан еркін күрестен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. 86 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Азамат Пуэрто-Рико балуаны Итан Эдриан Рамосты мерзімінен бұрын ұтты.

Айта кетейік, Азамат Дәулетбеков кеше жартылай финалда осы салмақтағы чемпион, Олимпиада жеңімпазы, америкалық Дэвид Тейлорға жол берген. Оған дейін қазақстандық алғашқы белдесуде кубалық Юриески Керальтуды, 1/8-де Испания атынан сынға түсетін Таймураз Наскидаевты жеңген.

Айта кетейік, Азамат биыл Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен Азия чемпионатында топ жарды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес