26.02.2026 | 23:34

АЗАМАТ ДӘУЛЕТБЕКОВ ПЕН РИЗАБЕК АЙТМҰХАН АЛБАНИЯДАҒЫ ТУРНИРДЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Албанияда күрес түрлерінен өтіп жатқан рейтингтік турнирде Қазақстан құрамасының балуандары Азамат Дәулетбеков (-92 кг) пен Ризабек Айтмұхан (-97 кг) қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

97 келіге дейінгі салмақта Ризабек Айтмұхан үшінші орын үшін белдесуде Үндістан өкілі Джойнти Кумармен кездесіп, айқын басымдықпен мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Ол қарсыласын небәрі 23 секундтың ішінде 10:0 есебімен ұтып, турнирдің қола медалін иеленді. Бұған дейін жартылай финалда Айтмұхан ресейлік спортшы, екі дүркін Олимпиада чемпионы және бес дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаевқа 3:14 есебімен есе жіберген.

Ал -92 келі салмақта Азамат Дәулетбеков қола жүлде үшін өткен белдесуде отандасы Камиль Куруглиевті 4:0 есебімен жеңді. Спортшымыз жарыс барысында ирандық Амирхоссейн Фирузпурге жол берген болатын. Кейін Фирузпур финалға шығып, алтын медаль ұтып алды. Соның нәтижесінде Азамат жұбаныш белдесулері арқылы қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.

Осылайша, қазақстандық балуандар халықаралық додада ел қоржынына тағы екі қола жүлде салды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес