11.01.2024 | 07:29

Азамат Дәулетбеков Загребтегі турнирдің күміс жүлдегері атанды

Еркін күрестен Ұлттық құрама көшбасшысы Азамат Дəулетбеков (86 кг) Хорватия астанасында басталған рейтингтік турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Азамат финалда Магомед Рамазановтың (Болгария) мықтылығын мойындады. Есеп: 5-8. Бұл салмақтағы қола жүлделер  Евсем Швелидзе мен Шэйн Марстеллерге (АҚШ) бұйырды.

Қазақ палуаны бәсекедегі алғашқы белдесуінде Үндістан мықтысы, 2019 жылғы əлем чемпионатының күміс жүлдегері Дипак Пунияны (6-2) ұтқан. Сосын, Валентин Бабий (Украина) мен Евсем Швелидзені (Грузия) таза тізе бүктіріп, алтын үшін таласуға мүмкіндік алды.

Азаматтан бөлек, биылғы алғашқы рейтингтік бəсекеде Қазақстан атынан Ирина Казюлина (65 кг), Елена Шалыгина  (68 кг) мен Эльмира Сыздықова (76 кг) күш сынасады.

Дәулетбеков былтыр Белградта өткен əлем чемпионатында қола жүлдеге ие болып, осы салмақта Қазақстанға Париж Олимпиадасының жолдамасын алып берген.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес