25.08.2023 | 12:44

Азиадада жұдырықтасатын боксшылар белгілі болды

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына аттанатын бокстан Қазақстан ерлер құрамасы анықталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының Баспасөз қызметі.

Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың таңдауы мына боксшыларға түсті. Олар: Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмұд Сабырхан (57 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг), команда капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг).

Ал 80 келі салмақта Нұрбек Оралбай сынға түссе, 92 келі де Сағындық Тоғамбай барады. Аса ауыр салмақта Қамшыбек Қоңқабаев рингке шығады.

Ойындарына спортшыларды іріктеу Ташкенттегі әлем чемпионаты мен Астанада болған Elorda Cup халықаралық турнирінің қорытындысы бойынша жүрді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес