20.05.2026 | 19:07

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: 4 ТАЕКВОНДОШЫМЫЗДЫҢ ҚАРСЫЛАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Ертең Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда таеквондодан (WT) ересектер арасындағы Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін жарысты бастайтын 4 салмақтың жеребесі тартылды. Атап айтқанда қос отандасымыз 2-кезеңде қарсыласын күтеді. Назарыңызға жеребені ұсынамыз:

Ерлер, -54 кг 1/16 айналым:

Еркебұлан Еңсегенов – Әлішер Асымбекуулы (Қырғызстан) немесе Цянь Цзяцай (Қытай)

Ерлер, +87 кг 1/32 айналым:

Бейбарыс Қабылан (U21 санатында әлем чемпионы) – Худойназар Шодмонов (Өзбекстан)

Әйелдер, -46 кг 1/16 айналым:

Айдана Құмартаева (әлем чемпионатының қола жүлдегері) – Умайма Хариб әл-Хинаи (Оман) немесе Лаян Хамзех (Иордания)

Әйелдер, +73 кг 1/16 айналым:

Ақсәуле Ерқасымова – Фатема Ахмади (Иран). Осы жұптың жеңімпазы әлем чемпионы Светлана Осиповамен (Өзбекстан) күш сынасады.

Ертең бәсеке Ұлан-Батыр уақытымен сағат 9:00-де басталады. Салтанатты ашылу мен финалдар сағат 13:10-да жоспарланған.

Биыл Ұлан-Батырда 43 мемлекеттің 340-қа жуық таңдаулы даян шебері жүлдеге таласады.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес