22.04.2022 | invalid

Азия чемпионаты: әйелдер күресінен 2-күннің нәтижесі

Бүгін Моңғолиядағы Азия чемпионатында әйелдер қалған 5 салмақта жүлдеге таласып жатыр. Күндізгі сессияның қорытындысы бойынша қазақстандық балуандардың нәтижесі:

53 кг Жұлдыз Ешімова алғашқы жекпе-жегінде өзбекстандық Ақтеңге Кеунимжаеваны, ізін ала оңтүстік кореялық Хёнён Охты (9:8) ұтты. Енді ол жартылай финалда моңғолиялық  Хулан Батхуягпен шеберлік байқасады.

Ал 57  келіде Нилуфар Райымова 1-кезеңде былтырғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, жарыс қожайыны Болортуя Хурелхуудан (2:8), 2-айналымда әлем чемпионы, осы салмақтағы көшбасшы, жапон Цугуми Сакураидан (0:7) ұтылып қалды. Ал 3-айналымда оңтүстік кореялық Хёнджу Кимді (6:0) сенімді жеңді. Айта кетейік, Нилуфар былотыр Ресейде өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған.

Аяулым Қасымова (62 кг) ширек финалда үндістандық спортшыға қауқар көрсете алмады. Еске сала кетейік, Аяулым 2020 жылғы Үндістандағы құрлық додасында күміс медаль алған.

Құрамдағы жас спортшының бірі Дариға Әбен (65 кг) 1-айналымда моңғолиялық құрдасы Пуревсурен Ульзиисайханға есе жібергенімен, 2-айналымда өзбекстандық құрдасы Ариухан Джумабаеваны таза жеңді. Енді ол 4-айналымда әлем чемпионатының күміс жүлдегері жапон Мива Морикавамен, 5-айналымда үндістандық Радхика Радхикамен күш сынасады.

Құрамадағы көшбасшының бірі Жәмилә Бақбергенова былтырғы Әлем және Азия чемпионатындағы күмісті алтынға айырбастағысы келеді. 26 жастағы балуан үш жекпе-жекте де қарсыластан басым түсті. Әуелі моңғолиялық, кейін Светлана Окназарова (Өзбекстан) мен Никки (Үндістан) Жәмиләнің мықты екенін мойындады. Қазақстандық 4-айналымда 19 жастағы жапон Сумире Ниикурадан басым түсті.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес