08.11.2022 |

Азия чемпионаты: боксшылардың жартылай финалдағы қарсыласы кімдер?

Бокстан Азия чемпионатының жартылай финал жекпе-жектері 9-10 қарашаға жоспарланған. Ал биылғы чемпиондар мен жүлдегерлер 11-12-не белгілі болмақ. Назарларыңызға Ұлттық құрама спортшыларының кіммен жұдырықтасатынын ұсынамыз:

Жартылай финал. 10 қараша:

48 кг. Санжар Ташкенбай – Кумар Сахани Говинд (Үндістан)

51 кг. Сәкен Бибосынов – Томоя Цубои (Жапония)

54 кг. Сабырхан Махмұд – Шахзод Музафаров (Өзбекстан)

57 кг. Серік Теміржанов – Мұхаммад Хуссамуддин (Үндістан)

60 кг. Саматәлі Төлтаев – Әбу Джадже Мухаммед (Иордания)

67 кг. Дулат Бекбауов – Асадхужа Мудинхуджаев (Өзбекстан)

71 кг. Асланбек Шымбергенов – Отгонбатар Биамба (Моңғолия)

75 кг. Нұрқанат Райыс – Мусави Сейедшахин (Иран)

80 кг. Нұрбек Оралбай – Хусейн Эйшайшиашайш (Иордания)

86 кг. Сағындык Тоғанбай – Рияд Адельхиндави Одаи (Иордания)

92 кг. Айбек Оралбай – Туфан Шарифи (Иран)

+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев – Мұхаммад Аброридинов (Тәжікстан)

Жартылай финал. 9 қараша:

48 кг. Алуа Балқыбекова – Фарзона Фозилова (Өзбекстан)

50 кг. Назым Қызайбай – Цукими Намика (Жапония)

52 кг. Жазира Орақбаева – Ринка Киношита (Жапония)

54 кг. Жайна Шекербекова – Хуан Сяовэнь (Тайвань)

57 кг. Карина Ибрагимова – Нести Петесио (Филиппин)

66 кг. Мадина Нұршаева – Чой Хонгу (Оңтүстік Корея)

70 кг. Дариға Шәкімова – Чэнь Ниэнь-чинь (Тайбэй)

81 кг. Гүлсая Ержан – Ти Хонг Нгуен (Вьетнам)

+81 кг. Ләззат Күнгейбаева – Алфия Тараннум Акрам (Үндістан).

Айта кетейік, Амманға барған қазақстандық боксшылар арасында тек Санатәлі Төлтаев (63,5 кг), Римма Волосенко (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг) мен Валентина Хальзова (75 кг) жүлдесіз қалды.

 

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес