10.05.2025 | 15:33

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: НАНЬЧАНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ САНЫ ТӨРТЕУГЕ ЖЕТТІ

Ұлттық құрама спортшылары Наньчан қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде ескек есуден Азия чемпионатында тағы 3 жүлдені қанжығаға байлады, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Байдаркамен 500 метр қашықтықта Қазақстан әйелдер құрамасы жеңімпаз атанды. Қытай командасы күміс, Жапония үздік үштікті түйіндеді.

Әлем чемпионатының қола жүлдегері Виктор Степанов 200 метрге жарыста (каноэ) күміс жүлдеге қол жеткізді. Мұнда соңғы сәтке дейін басымдығын уысынан шығармаған қытайлық Ю Ебин жеңіске жетті. Үздік орынға Жапонияның ескек есу шебері Рио Наганума көтерілді.

Ал Ольга Шмелёва 200 метрге жарыста (байдарка) 3-орын алды. Осылайша, ол Наньчандағы жүлделер санын 3 алтын, 2 қолаға жеткізді.

Сондай-ақ Анастасия Березовская 500 метрге жарыста (байдарка) финалда бесінші сатыдан көрінді. Бекарыс Раматулла мен Сергей Токарницкий жұбы 9-орыннан көрінді. Қазір Қазақстан командасында 4 алтын, 4 күміс, 4 қола медаль болды.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес