
25.04.2025 | 17:03
Бөлісу:
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЛҒАШҚЫ КҮНІ 2 ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
Таиланд астанасы Бангкокта дзюдодан ересектер арасындағы Азия чемпионатының алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін татамиге ерлер 60, 66 кг дейінгі, ал әйелдер 48, 52 кг дейінгі салмақта шығып, жүлдеге таласты.
Нәтижесінде қазақ дзюдошылары 2 жүлдеге қол жеткізді. Жартылай финалда сүрінген Ғалия Тынбаева (-48 кг) мен Шерзод Давлатов (-60 кг) кіші финалда жеңіске жетіп, 3-орынға тұрақтады.
Ал Нұрәділ Әлжан (-60 кг), Ержан Еренқайыповтың (-66 кг) қола жүлдеге таласта жолы болмады.
Ертең спортшылар -73, -81 (ерлер), -57, -63, -70 кг салмақта кім мықтыны анықтайды.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық

АБЫЛАЙХАН ЖҰБАНАЗАР QAZAQSTAN BARYSY БӘСЕКЕСІНДЕ ЖҮЛДЕ АЛДЫ

ЕСЕТ ҚУАНОВ QAZAQSTAN BARYSY GRAND SLAM ТУРНИРІНДЕ ҚОЛА ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ

ТАЛҒАТ ОРЫНБАСАР – GRAND SLAM ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ