09.05.2025 | 15:38

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: ҚОРЖЫНҒА ТАҒЫ 3 МЕДАЛЬ ТҮСТІ!

Байдарка мен каноэде ескек есуден Наньчан қаласында (Қытай) өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан командасының спортшылары жүлде санын төртеуге жеткізді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Сергей Емельянов пен Полат Төребеков 500 метрге (каноэ) жарыста мәре сызығын екінші болып кесті. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Мария Бровкова да 500 метрде (каноэ) үздік үштікті түйіндеді.

Ал байдаркамен 500 метрде Қазақстан құрамасы (микст) 3-орынға табан тіреді. Ольга Шмелёва, Татьяна Токарницкая, Жахонгир Жамедов, Кирилл Тубаев квартеті Қытай мен Жапония командасына жол берді.

Сондай-ақ бүгін тағы бірнеше отандасымыз ақтық сында күш сынасты. Олар: Тимофей Емельянов (7-орын), Ульяна Кисилёва/Маргарита Торлопова (4-орын), Денис Кленин (4-орын), Нұржан Муфтукулұлы/Диас Ержанов (6-орын).

Бүгін 8 алтын медаль жеңіп алған Қытай құрамасы көш бастады. Ертең шешуші жарыс күні қалған жүлделер сарапқа салынады. Қазақстанда 2 күміс, 2 қола.

Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес