24.09.2024 | 07:41

АЗИЯ КУБОГЫНДА СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ 2 КҮМІС ЖӘНЕ 3 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында өтіп жатқан стенд атудан Азия Кубогына 14 елден 200-ден астам мерген қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгінгі финалдарда ерлер мен әйелдер арасындағы трап бағдарламасында біздің спортшылар жарқын жеңістерге қол жеткізді. Айжан Досмағамбетова әйелдер арасында қола медаль иегері атанды. Алтынды Қытай спортшысы жеңіп алса, күміс медаль Бахрейн өкіліне бұйырды.

Ерлер арасында Әлішер Айсалбаев күміс медальді еншілеп, Марк Почивалов үздік үштікті түйіндеді. Мұнда Кувейт спортшысы топ жарды.

Командалық есепте де мергендеріміз тамаша нәтиже көрсетті. Ерлер командасы (Айсалбаев, Почивалов, Хасянов) екінші орынға, ал әйелдер командасы (Досмағамбетова, Прилепина, Почивалова) 3-орынға ие болды.

Сондай-ақ, бүгінгі баспасөз конференциясында Азия спорттық ату конфедерациясының президенті Шейх Сабах Аль-Салем Аль-Хамуд пен Қазақстан федерациясының бас хатшысы Олег Почивалов журналистердің сұрақтарына жауап беріп, жарыстың жоғары деңгейде өткенін жеткізді. 2025 жылғы Азия чемпионаты Шымкентте өтетінін және оған 2 мыңға жуық спортшы қатысатынын мәлімдеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес