29.03.2023 | 16:08

Азия ойындарына 110 жыл!

Биыл Азия ойындарының өтіп келе жатқанына 110 жыл. Осы атаулы оқиғаға орай Азия Олимпиада кеңесі (ОСА) Ханчжоу қаласындағы XIX жазғы Азияда кезінде 24 қыркүйекте меркелік іс-шара өткізеді. Бұл көрме кеңестің бас ассамблеясының орнын басады.

Іс-шара барысында Маниалада 1913 жылы өткен Қиыр Шығыс чемпионаты ойындарынан бастап 2018 жылғы Индонезияның Джакарте мен  Палембанг қаласындағы ойындар арасындағы кезең қамтылады. Ал жарыс қожайыны Қытай мен 2026 жылы келесі ХХ ойындарды қабылдайтын Жапония өз музыкасы мен мәдениетін көрсетуге бөлек мүмкіндік алады.

Сары құрлықтың алғашқы ойындары 1951 жылы Делиде өткенімен, оның тарихы одан тереңде жатыр. Дәлірек айтар болсақ, Азияда 1913 жылғы Маниаладағы Қиыр Шығыс чемпионаты ойындарынан бастау алады. Бұл Азияда ұйымдастырылған алғашқы ресми кешенді жарыс саналады. ОСА осыған орай құрлық елдерінің ерекшелігін көрсететін мәдени фестиваль жоспарлап отыр.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес