17.08.2023 | 14:51

Азия ойындарында ту ұстап шығатын спортшылар белгілі болды

Ханчжоудағы ХІХ жазғы Азия ойындарында ту ұстайтын атлеттер анықталды, деп хабарлайды ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Олар – бокстан Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов пен биіктікке секіруден көшбасшымыз Надежда Дубовицкая.

Айта кетейік, Асланбек 1993 жылы 9 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол – бокстан әлем және Азия чемпионы, Джакартадағы жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері. Ал Надежда 1998 жылы 12 наурызда Семей қаласында дүниеге келген. Ол – жабық кешендегі әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы, құрлық рекордының иесі.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес