
05.03.2025 | 11:43
Бөлісу:
БАКУДЕ СПОРТТЫҚ ГИМНАСТИКАДАН ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2 СПОРТШЫМЫЗ АЛҒАШ РЕТ СЫНҒА ТҮСЕДІ
6-9 наурыз аралығында Әзірбайжан астанасы Бакуде спорттық гимнастикадан Әлем Кубогының 2-кезеңде өтеді, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Назарыңызға жүлдеге таласатын Ұлттық құрама спортшыларының тізімін ұсынамыз:
- Зейнолла Ыдрысов, Дмитрий Патанин, Милад Карими, Ильяс Азизов;
- Арина Лебедева, Эвелина Ежова. Бұл 2 отандасымыз ересектер арасында Әлем Кубогында бірінші рет сынға түскелі тұр.
Айта кетейік, 6-7 наурыз әр жаттығудан іріктеу, 8-9 наурыз финал өтеді. Биыл бұл кезеңге 18 елден таңдаулы 77 гимнаст жиналды.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз: