01.06.2022 | invalid
Бөлісу:
Балалар Ұлттық құрама көшбасшыларымен футбол ойнады
Бүгін, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні. Мерекеге орай Нұр-Сұлтан қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында еліміздің әр өңірінен іріктелген 12 жастағы балалар мен футзалдан Қазақстан құрамасының көшбасшылары жолдастық матч өткізді.
Ойын басталар тұста ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака (Паулу Рикарду Фигейра Силва) сөз сөйлеп, жеткіншектерді құттықтады. Ұлттық құрама ойыншылары - Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Шыңғыс Есенаманов, Альберт Ақбалықов, Игита (Леонардо де Мело Виейра Лейте), Эдсон Гомес Дос Сантос алаңда доп тепті. Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген балалар екі командаға бөлінді. Алғашқы құрама кәсіби футболшыларға есе жіберсе, екінші команда соңғы секундтарда гол салып, 7:7 есебімен тең түсті.
Матчқа қатысқан командаларға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің кубогы, медальдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар көрермендер мен жас футболшылар Ұлттық құрама команда мүшелерімен суретке түсіп, қолтаңба алды. Айта кетейік, мұндай жолдастық матч биыл алғаш рет Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өтті.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАМАША ЖЕҢІС! ФУТЗАЛДАН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫН ЖЕҢДІ
АРНОЛЬД КНАУБ ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМАНЫҢ ҮЗДІК СҰРМЕРГЕНІНЕ АЙНАЛДЫ