22.08.2022 | invalid
Бөлісу:
Балуандар әлем чемпионатында 8 медаль жеңіп алды
Бүгін Болгария астанасы Софияда жастар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық балуандар бұл бәсекеде 8 медальге (4 күміс пен 4 қола) қол жеткізді.
Чемпионатты алғаш болып бастаған еркін күрес шеберлері арасынан Мерей Базарбаев (57 кг) тартысты өткен финалда америкалық Рассел Волктан жеңіліп қалды. Есеп 2:3. Сондай-ақ 74 келіде сынға түскен Ілияс Ерболатов тұғыр биігінің үшінші сатысына көтерілді.
Қыздар арасында Алтын Шағаева (53 кг) мен Анастасия Панассович (72 кг) ақтық сынға жолдама алған. Алайда Алтын үндістандық, Анастасия америкалық Амит Элорға есе жіберді. Сондай-ақ 59 келіге дейінгі салмақта күрескен Мадина Аман үздік үштікті түйіндеді. Айта кетейік, Мадина былтыр тура осы уақытта Уфа қаласында өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленген.
Бәсекені қорытындылаған грек-рим күресінің өкілдері де айтарлықтай нәтиже көрсетті. Юсуф Мациев финалға шыққанымен (97 кг) ирандық Әли Рамезанәли Әбедидарзиге жол берді. Ал Дінмұхаммед Қошқар (67 кг) мен Мақсат Сайлау (87 кг) қола жүлдеге қол созды.
Жалпы командалық есепте Қазақстан әйелдер және грек-рим құрамасы 6-орынға тұрақтаса, еркін күрестен 8-сатыға жайғасты.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықТАРИХИ СӘТ! НҰРҚОЖА ҚАЙПАНОВ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
ДӘУЛЕТ ЕРГЕШ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАТЫН МҮМКІНДІК АЛДЫ
ТАРИХИ СӘТ! РИЗАБЕК АЙТМҰХАН 3 ДҮРКІН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ