03.12.2022 | invalid

Бақұл болыңыз, аңыз...

Баскетболдан Олимпиада чемпионы Әлжан Жармұхамедовтің қайтыс болуына байланысты Спортты дамыту дирекциясының атынан марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.

Әлжан Мүсірбекұлы өзінің бекзат болмысымен, тума дарынымен, өлшеуіш еңбегімен олимп шыңын бағындырған тұңғыш қазақ атанды.

Оның толағай табысы өзінен кейінгі жас баскетболшыларға үлгі-өнеге. Даңқты спортшының жарқын бейнесі қазақ халқының жадында мәңгі сақталады.

Бақұл болыңыз, аңыз...

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес