07.04.2023 | 19:40

Батыс Қазақстан облысының шорт-трекшілері дес бермеді

Бүгін Астана қаласындағы «Алау» мұзайдынында шорт-тректен IV қысқы Жастар спорт ойындары аяқталды. Шешуші жарыс күні мың метр мен эстафета үздіктері анықталды.

1000 м, ұлдар

Мейіржан Төлеген (БҚО)

Мақсат Уалиулла (БҚО)

Қасымбек Асылхан (Шымкент)

1000 м, қыздар

Анастасия Астраханцева (Қостанай)

Алина Ажғалиева (БҚО)

Зейнеп Құмарқан (ШҚО)

Көпсайыс ұпайы бойынша (қыздар):

Алина Ажғалиева (БҚО)

Анастасия Астраханцева (Қостанай)

Зейнеп Құмарқан (ШҚО)

Көпсайыс (ұлдар):

Мақсат Уалиулла (БҚО)

Мейіржан Төлеген (БҚО)

Дінмұхамедалдияр Тәжібай (Астана)

Эстафета, ұлдар:

1 БҚО

2 Астана

3 Қостанай облысы

Эстафета, қыздар:

1 Қостанай облысы

2 БҚО

3 ШҚО

Аралас эстафета:

1 Астана

2 БҚО

3 Қостанай облысы

Жалпы есепте Батыс Қазақстан облысы жеке-дара топ жарса, 2-орын Қостанай облысына, 3-орын Астана қаласының командасына бұйырды. Үздік бестікті Алматы мен Шымкент қаласы түйіндеді. Естеріңізге сала кетейік, шорт-тректен IІІ қысқы Жастар спорт ойындары осыдан 4 жыл бұрын Шымкент қаласында өтіп, жалпы есепте Астана қаласының командасы 1-орын алған.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес