11.03.2023 | 22:00

Биатлоннан ӘЧ: жасөспірімдер арасында жеңімпаздар анықталды

Бүгін әлем чемпионатының 7-жарыс күнінде спринттен сайыс өтті. Жасөспірім қыздар 7,5 шақырым қашықтыққа сынға түсті. Жарыс жолына 84 спортшы шығып, Селина Гротиан (Германия) жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Жанна Ришар (Франция), қола медальді Сара Андерссон (Швеция) иеленді. Отандастарымыздың көрсеткен нәтижелері: Полина Егорова (45-орын), Алина Скрипкина (50-орын), Арина Крюкова (55-орын), Адима Қуанышбекова (74-орын).

Жасөспірім ұлдардың бәсекесіне 93 спортшы қатысып, 10 шақырымға жарысты. Чемпиондық атақ Кемпбелл Райтқа (Жаңа Зеландия) бұйырса, күміс жүлдеге Ян Гунка (Польша) ие болды. Үздік үштікті Максим Жермен (АҚШ) түйіндеді. Қазақстанның намысын 4 жерлесіміз қорғап, Вадим Куралес (41-орын), Данил Червенко (59-орын), Никита Акимов (66-орын), Руслан Амурлаев (73-орын) көрінді.

Ертең ӘЧ соңғы күнінде барлық жас санаты бойынша із қуу жарыстары өтеді: 

11:00 – Із қуу жарысы (7,5 км), жеткіншек қыздар

12:00 – Із қуу жарысы (10 км), жеткіншек ұлдар

14:15 – Із қуу жарысы (10 км), жасөспірім қыздар

15:20 – Із қуу жарысы (12,5 км), жасөспірім ұлдар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес