08.11.2024 | 21:55
Бөлісу:
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
Бүгін Шымкент қаласында Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы Гран-приінің екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Қызыққа толы 9 турдан кейін Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, 45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері Бибісара Асаубаева (2487) 3-орын иеленді.
Еске сала кетейік, Бибісара Тбилисиде өткен Гран-придің алғашқы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізген.
Осы жолы Шымкентте Александра Горячкина (2533) 7 ұпай жинап, жеңіске жетсе, одан жарты ұпай аз жинаған әлемнің экс-чемпионы Тань Чжунъи (Қытай, 2551) екінші орын алды.
Әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приі – жүлде қоры қомақты турнир. Алты кезеңнің әрқайсысының қоры 80 мың еуроға тең. Бірінші орын алған шахматшыға оның 18 мыңы табыс етіледі. Екінші орынға – 13.000 еуро.
Бүкіл турнир сериясының жалпы жүлде қоры – $600 000, оның $120.000 жалпы есепте үздік болған он ойыншыға үлестіріледі.
Ал серияда жеңіске жеткен жағдайда әлемдік шахмат тәжін иеленуге жол ашылатын келесі үміткерлер турниріне (FIDE Women’s Candidates 2026) жолдама алуға болады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
FIDE GRAND PRIX SERIES: БИБІСАРА АСАУБАЕВА 4-ОРЫНҒА СЫРҒЫДЫ
ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ