05.04.2023 | 12:37
Бөлісу:
Бибісара Асаубаева соңғы турда Екатерина Лагномен ойнайды
Бүгін Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы ФИДЕ Гран-приінің жеңімпазы мен жүлдегерлері анықталады. Бұл кезеңде топ жарудан 3 шахматшы үмітті. Қазір 10 турдан кейін отандасымыз Бибісара Асаубаева, ресейлік Александра Горячкина мен Чжу Цзинер 5½ ұпаймен көш басында тұр. Енді 11-турда Бибісара Асаубаева мен Екатерина Лагномен, ал Чжу Цзинер 8-сатыда келе жатқан грузиялық Нино Бациашвилимен шеберлік байқасады. Қалған жұптар мынадай:
Вайшали Рамешбабу – Нана Дзагнидзе
Александра Горячкина – Хампи Конеру
Харика Дронавалли – Полина Шувалова
Айта кетейік, кешегі турда Бибісара мен Нана Дзагнидзе демалған. Оныншы тур ойындарының нәтижесі:
Екатерина Лагно – Харика Дронавалли, ½ - ½
Полина Шувалова – Александра Горячкина, ½ - ½
Хампи Конеру – Нино Бациашвили – ½ - ½
Чжу Цзинер – Вайшали Рамешбабу – 1:0
Шешуші тур Дели уақытымен сағат 15:00-де басталса, марапаттау рәсімі кешкі сағат 19:00-де болады.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықБИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫНДА КӨШ БАСТАДЫ
БИБІСАРА АСАУБАЕВА ГРАН-ПРИ КЕЗЕҢІНДЕ ТАҒЫ ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ