05.09.2022 | invalid
Бөлісу:
Бокс: әйелдер құрамасы Силезия турниріне аттанды
5-12 қыркүйек күндері Польшаның Гливице қаласында бокстан әйелдер арасында XVII Силезия турнирі өтеді. Биыл былғары қолғап бәсекесіне қатысуға ниет білдірген елдер саны бұрын соңғы болмаған көрсеткішке жетіп отыр. Апта бойы 30 мемлекеттің 230 таңдаулы боксшысы шеберлік байқасады. Жасөспірімдер 13, жастар мен ересектер 12 салмақта сынға түседі. Бұл қатарда Қазақстан Ұлттық құрамасының өкілдері де бар. Олар:
Назым Қызайбай, Ләззат Күнгейбаева, Жайна Шекербекова, Дариға Шәкімова, Валентина Хальзова, Алуа Балқыбекова, Римма Волосенко, Мадина Нұршаева, Гүлсая Ержан, Балжан Асқар, Сәния Сұлтанқызы, Жазира Орақбаева, Балауса Мұздиман, Айдана Забынбекова, Аида Әбікева, Анель Сақыш, Карина Ибрагимова. Барлық қазақстандық ересектер санатында жұдырықтасады.
Айта кетейік, бұл халықаралық турнирдің тарихы 2006 жылдан бастау алады. Өзге құрлықтағы құрамалар 2013 жылдан бастап тұрақты қатысып келеді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықНҰРБЕК ОРАЛБАЙ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ
НҰРБЕК ОРАЛБАЙ – ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ