31.10.2022 | invalid
Бөлісу:
Бокс: Азия чемпионатының жеребесі тартылды
Санаулы сəттер бұрын Амманда бокстан XXXII Азия чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды kazsports.kz.
Ертеңнен бастап 13 қарашаға дейін Иордания төрінде 25 салмақтың биылғы үздігі анықталады. Бұл жолы сары құрылықтағы 27 елден 181 еркек пен 86 əйел сынға түседі. Осы тұста бəсекені Қайрат Сəтжановтың 7 шəкірті өз салмағындағы №1 боксшы ретінде бастайтынын айта кету керек. Бұл дегеніміз, Ұлттық құраманың жартысынан көбі.
Ал əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мадина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Лəззат Күнгейбаева (+81 кг) өз салмағында аз боксшы келгендіктен кемі қола медальге ие болады. Алайда жерлестеріміз мұнымен шектеліп қалмайды, деп сенеміз. Ерлер арасындағы жеребе:
1/8 айналым
48 кг. Санжар Ташкенбай – Асылбек Жалилов (Өзбекстан)
51 кг. Сәкен Бибосынов – Нуржигит Дуйшебаев (Кырғызстан)/Кумар Спарш (Үндістан)
57 кг. Серік Теміржанов – Абукузаил Турки (Кувейт)/Ихлас Гылычжанов (Түркменістан)
63,5 кг. Санатәлі Төлтаев – Шунсуке Китамото (Жапония)/Руслан Абдуллаев (Өзбекстан)
67 кг. Дулат Бекбауов – Сапармурат Одаев (Түркменстан)
71 кг. Асланбек Шымбергенов – Пианар Маржон (Филиппин)
Ширек финал
54 кг. Махмұд Сабырхан – Чожан Фануват (Таиланд)/Ганболд Доржнямбуу (Моңғолия)
60 кг. Саматәлі Төлтаев – Мирзохид Имамназаров (Кырғызстан)/Шукур Овезов (Түркменстан)
75 кг. Нұрқанат Райыс – Сагын Сатыбалдыуулу (Кырғызстан)/Кан Чей Вей (Тайбэй)
80 кг. Нұрбек Оралбай – Анвар Насрединов (Камбоджа)/Жонгжохо Вирапон (Таиланд)
86 кг. Сағындық Тоғанбай – Навруз Джафоев (Тәжікстан)
92 кг. Айбек Оралбай – Навин Кумар (Үндістан)
+92 кг. Қамшыбек Қоңқабаев – Вишах Моханнад/До Хьен Ким ( Оңтүстік Корея)
Әйелдер арасындағы жеребе нәтижесі:
1/8 айналым
50 кг. Назым Қызайбай – Раксат Чутамат (Таиланд)
Ширек финал
48 кг. Алуа Балқыбекова – Йодвари Ципсатча (Таиланд)/Шин Пор Алти (Филиппин)
52 кг. Жазира Орақбаева – Чавон Ким (Оңтүстік Корея)
54 кг. Жайна Шекербекова – Хана Нарита (Жапония)
57 кг. Карина Ибрагимова - Им Аежи (Оңтүстік Корея)
60 кг. Римма Волосенко - Номин-Эрден Тугсжаргал (Моңғолия)
63 кг. Аида Әбікеева – Маи Кито (Жапония)
70 кг. Дариға Шәкімова – Пужа (Үндістан)
75 кг. Валентина Хальзова – Ловлина Боргоян (Үндістан)
Жартылай финал
66 кг. Мадина Нұршаева – Чой Хонгу (Оңтүстік Корея)
81 кг. Гүлсая Ержан – Ти Хонг Нгуен (Вьетнам)
+81 кг. Ләззат Күнгейбаева – Альфия Тараннум Акрам (Үндістан)
«Біздің жігіттер – әлем боксының көшбасшылары. Алғашқы айналымда-ақ 48 кг дейінгі салмақта ересектер арасына енді қосылған Санжар Ташкенбай дарынды өзбекстандық спортшымен жұдырықтасады. Не болса да, біз өз мәнерімізді жоғалтпай, барлық салмақта соңына дейін таласуымыз керек»,-деп айтты ерлер құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жеребе қорытындысын көргеннен кейін.
«Жеребеге көңілім толады. Шынымды айтсам, мені Олимпиада бағдарламасына кіретін 66 кг дейінгі салмақта аз спортшы келгені таңғалдырады. Алдағы күндері Үндістан, Жапония, Тайпэй қыздары біз үшін негізгі қарылас болмақ. Сондай-ақ Өзбекстан да кейінгі жылдары қарқынына-қарқын қосып келе жатыр. Қалай болса да біз кел келген қарсыласқа және бәсекеге дайынбыз»,-деп айтты әйелдер құрамасының бас бапкері Шәміл Сафиуллин.
Айта кетейік, сары құрлық додасын әдеттегідей Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықНҰРБЕК ОРАЛБАЙ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ
НҰРБЕК ОРАЛБАЙ – ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ