27.06.2023 | 20:49

Бокстан ІІ «Елорда Кубогы» халықаралық турнирі басталды

Бүгін Астана қаласындағы Ұлттық теннис орталығында (Beeline Arena) ерлер мен әйелдер арасында бокстан ІІ «Елорда Кубогы» халықаралық турнирі басталды. Биыл барлығы 10 елден келген 200-ден астам спортшы жүлдеге таласады. Олардың ішінде Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және басқа мемлекеттің өкілдері жиналды. Қазақстан құрамасы сапында Олимпиада жеңімпаздары, әлем, Азия және басқа да халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері бар.

Турнирдің ашылу салтанатына Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев, Sport Qory спортты қолдау қорының бас директоры Асхат Сейсембек, Спортшылар одағы төралқасының төрағасы Серік Сәпиев, Азия бокс конфедерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов және басқада спорт өкілдері келді.

Ерлер 13 салмақта (46-48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63,5 кг, 67 кг, 71 кг, 75 кг, 80 кг, 86 кг, 92 кг, +92 кг), ал әйелдер 12 салмақта (45-48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63 кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг) бақ сынайды.

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және дипломдармен, сондай-ақ сыйақымен марапатталады. Жүлде қоры:

- Бірінші орын -700 USD

- Екінші орын-400 USD

- Үшінші орын – 200 USD (әрқайсысы).

Жалпы, турнир алты күнге созылады. Жекпе-жекті Qazsport телеарнасы мен QAZAQ RING YouTube платформасы тікелей эфирде көрсетеді. Күнделікті жарыс сессиясының басталуы сағат 14:00-де. Көрермендерге кіру тегін.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес