10.05.2022 | invalid

Бокстан Сағадат Нұрмағамбетов турнирі басталды

Бүгін Алматы қаласындағы армияшылардың Орталық спорт клубында Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, генерал, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовті еске алуға арналған XXV турнир басталды.

Биылғы бәсекеге елімізбен қатар Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғыз Республикасының боксшылары келді. Назарларыңызға Ұлттық құраманың тізімін ұсынамыз: 48 кг – Санжар Ташкенбай, Ернұр Қайрат; 51 кг – Даниял Сәбит, Нұрсұлтан Нурединов; 54 кг – Олжас Байниязов, Тимур Молдашев, Нұрсұлтан Алтынбек;

57 кг – Махмұд Сабырхан, Олжас Асылқұлов, Бейбарыс Жексен, Айдос Арапов, Ерболат Сабыр;

63,5 кг – Санатәлі Төлтаев, Саматәлі Төлтаев, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы, Абзал Серік, Василий Самчук, Темірхан Тезек;

67 кг – Дулат Бекбауов, Дәулет Нысан, Мәди Алтынбеков;

71 кг – Ермахан Жакпеков, Куан Қуатов;

75 кг – Нұрқанат Райыс, Аятулла Тәкіжанов, Диас Молжігітов;

80 кг - Ерасыл Жакпеков, Жәнібек Қартбаев, Бауыржан Байгоншеков;

86 кг – Мәди Амиров;

92 кг – Айбек Оралбай, Сағындық Тоғамбай, Ерхар Бекзат;

+92 кг – Нұрлан Сапарбай, Аманат Сабырғали;

Бас бапкер – Қайрат Сәтжанов.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес