03.11.2023 | 23:11
Бөлісу:
Бокстан жастар құрамасы Азия чемпионатында 9 алтын иеленді
Бокстан Астана қаласында алғаш рет өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бүгін жастар арасындағы 25 салмақтағы (13 ұл, 12 қыз) жеңімпаз анықталды. Айта кетейік, шаршы алаң бәсекесі 23 қазанда басталған.
Ең көп жүлде жеңіп алған 3 мемлекет:
Қазақстан — 9 алтын, 3 күміс, 8 қола
Өзбекстан — 8 алтын, 8 күміс, 4 қола
Үндістан — 6 алтын, 8 күміс, 6 қола
Қыздар арасындағы финал.
50 келі. Элянур Тұрғанова — Аншу (Үндістан) 5:2
57 келі. Ұлжан Сәрсенбек — Муштариубони Иброхимжонова (Өзбекстан) 5:0
63 келі. Әсем Таңатар — Дипа (Үндістан) 4:1
66 келі. Бақыт Сейдіш — Кажал (Үндістан) 5:0
75 келі. Шұғыла Нәлібай — Санобар Бозорбоева (Өзбекстан) жерлесіміз айқын басымдылықпен жеңді.
Ұлдар бәсекесі
48 келі. Бексұлтан Боранбек — Сея Накаяма (Жапония) 0:5
60 келі. Бахтияр Анарбаев — Саят Илясов 5:0
63,5 келі. Төрехан Сабырхан — Сингх Яшвардхан (Үндістан) 5:0
71 келі. Ислам Советов — Вадим Баурин (Қырғызстан) 5:0
80 келі. Дәулет Төлемісов — Жавохир Умматалиев 0:5
86 келі. Виктор Литвинов — Абдулазиз Абдурахманов (Өзбекстан) 0:5
+92 келі. Иван Ермоленко — Шахзод Полвонов (Өзбекстан) 5:0
Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын — 1000, 2-орын — 500, 3-орын — 250 АҚШ доллары) ақшалай сыйақымен марапатталды. Жарыс соңында 12 күнге жалғасқан турнирдің ең үздік боксшыларына арнайы номинация берілді:
Ең үздік жасөспірім қыз боксшы — Аяжан Сыдық (Қазақстан)
Ең үздік жасөспірім ұл боксшы — Фужуки Юга (Жапония)
Ең үздік жас қыз боксшы — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)
Ең үздік жас ұл боксшы — Төрехан Сабырхан (Қазақстан)
Ең үздік төреші — Мариф Урдешев (Өзбекстан), Мария Каваклиева (Болгария)
«Елорда төрінде өткен жасөспірімдер және жастар арасындағы Азия чемпионаты жоғары дәрежеде өтті деп ойлаймын. Біріншіден, жарысты ASBC YouTube платформасы тікелей эфирде көрсетіп, көрушілердің жалпы саны рекордтық 100 мыңнан асты. Екіншіден, Азия біріншілігінде рекордтық 435 спортшы қатысты. Бұл былтырғымен салыстырғанда әлдеқайда көп. Адам санының көп болуы жарысты өткізуге біршама қиындық тудырды. Мысалы, бастапқыда күніне 50-ден астам айқас өтіп, түнгі 22:30-ға дейін жалғасты. Бұл өз кезегінде төрешілердің шаршауына әсер етті. Сондықтан алдағы уақытта Азия бокс қауымдастығы жасөспірімдер мен жастардың Азия чемпионатын бөлек ұйымдастыруды талқыға салуы мүмкін. Үшіншіден, жарысқа әлем чемпионаты, Олимпиадада төрелік еткен 70-80% шетелдік қазылар шақырылып, әділ шешім шығаруға мүмкіндік берілді. Тіпті тәжірибелі төрешінің қателігі кешірілмей, турнирден шеттеткен жағдай да кездесті. Өздеріңіз көргендей, тіпті тең айқас өткеннің өзінде төрешілер Қазақстан тарапына бермеген сәттер біршама болды», -деді Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов.
Елорда төріндегі Азия чемпионатында жас спортшыларымызды қолдауға Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов, Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев, Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов, Олимпиаданың 2 мәрте күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов, әлем чемпионы Махмұд Сабырхан және т.б қолдау білдірді.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалықЖАРҚЫН ЖЕҢІС! САҒЫНДЫҚ ТОҒАМБАЙ – АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ
БӘРЕКЕЛДІ! БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ҚОРЖЫНҒА 2-АЛТЫНДЫ САЛДЫ
АБЫЛАЙХАН ЖҮСІПОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТАҒЫ КҮМІС МЕДАЛЬ АЛДЫ
ДУЛАТ БЕКБАУОВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ КҮМІС ЖҮЛДЕ АЛДЫ