
30.03.2025 | 21:59
Бөлісу:
БОЛАТ САҚАЕВ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 2-РЕТ ЖҮЛДЕ АЛДЫ
Еркін күрестен Ұлттық құрама палуаны Болат Сақаев (86 кг) Иордания астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында ирандық Аболфазл Ясер Рахманиге есе жіберді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Алғашқы секундтан бастап шиеленісті өткен белдесудің есебі: 4-11. Бүгін басқа салмаққа ауысқан бозкілем шеберіміз ширек финалда Моңғолия, жартылай финалда Қытай өкілінен басым түсті.
Еске сала кетейік, Болат 2 жыл бұрын Астанада өткен сары құрлық бәсекесінде 79 кг дейінгі салмақта топ жарған.
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:
Таңдаулы жаңалықтар
Барлық жаңалық
МИЛАД КАРИМИ – КАИРДЕГІ ӘЛЕМ КУБОГЫНДА 2 АЛТЫН АЛДЫ

АҚЕРКЕ РАМАЗАНОВА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫН ҮЗДІК БЕСТІКТЕ АЯҚТАДЫ

КЕЗЕКТІ АЛТЫН! МИЛАД КАРИМИ МЫСЫРДА ТОП ЖАРДЫ

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: 3 ДЗЮДОШЫМЫЗ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ТАЛАСАДЫ