18.09.2023 | 20:48

Болат Сақаев қола медаль үшін күреседі

Сербия астанасы Белградта күрестен әлем чемпионатының 3-жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Бүгін Болат Сақаев жұбаныш жекпе-жегінде латвиялық Алан Амировтан айласын асырып, ертең қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Оның қарсыласы – былтыр осында қола алған украиналық Василий Михайлов.

Кеше Болат канадалық және болгариялық палуанды ұтқан. Алайда ширек финалда грузиялық Владимери Гамкрелидзеден ары аса алмады.

Суреттің авторы - Шамкен Байырбек.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес