03.06.2022 | invalid

Болат Тұрлыханов Кубогының 2-күні: Мейіржан Шермахамбеттің жеңіс сериясы, Үндістанның 3 алтыны

Алматы қаласындағы «Балуан Шолақ» атындағы мәдениет және спорт сарайында күрес түрлерінен Болат Тұрлыханов Кубогы өтіп жатыр. Бүгін, жарыстың 2-күні грек-рим күресінің шеберлері 72, 77, 82 кг дейінгі салмақта, ал әйелдер 57, 62, 68, 76 кг дейінгі салмақта жүлдеге таласты. Назарларыңызға осы жекпе-жектердің нәтижесін ұсынамыз:

72 кг:

Алтын – Мұхаммед Реза ГЕРАЕИ (ИРАН)

Күміс – Мейіржан ШЕРМАХАМБЕТ (ҚАЗАҚСТАН)

Қола – Махмуд БАХШИЛЛОЕВ (ӨЗБЕКСТАН)

Жуырда ғана Ұлан-Батырда Азия чемпионы атанған Мейіржан Шермахамбет Болат Тұрлыханов Кубогында 72 келіге дейінгі салмақта жанкүйерлерін тағы қуантты. 26 жастағы балуан 2-айналымда Токио Олимпиадасының жеңімпазы, Әлем және Азия чемпионы Мұхаммед Реза Гераеиды ұтты. Екеуі тағы финалда кездесуі керек еді. Алайда қазақстандық спортшы жарақатына байланысты күресе алған жоқ.

Жалпы екі құрдас балуан осымен 4-рет бозкілемде күш сынасты. Мейіржан осы жекпе-жектің бәрінде ирандық қарсыласынан басым түсті. Алдыңғы 3 кездесу 2018 жылы болған. Мейіржан әуелі Ирандағы Тахти Кубогында, сосын Мажарстандағы Гран-приде және Будапештегі Әлем чемпионатының ширек финалында 9:0 есебімен айласын асырған.

77 кг:

Алтын – Қахарман ҚИССЫМЕТОВ (ҚАЗАҚСТАН)

Күміс – Демеу ЖАДЫРАЕВ (ҚАЗАҚСТАН)

Қола – Мұхаммед Реза МОХТАРИ (ИРАН), Ренат ИЛИАЗ УУЛУ (ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ)

 

82 кг:

Алтын – Ақжол МАХМҰДОВ (ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ)

Күміс – Пейман ПОШТАМ (ИРАН)

 

Әйелдер күресі:

57 кг:

Алтын – Манси АХЛАВАТ (ҮНДІСТАН)

Күміс – Эмма ТИССИНА (ҚАЗАҚСТАН)

Қола – Лайлохон СОБИРОВА (ӨЗБЕКСТАН)

 

62 кг:

Алтын – Сакши МАЛИК (ҮНДІСТАН)

Күміс – Ирина КУЗНЕЦОВА (ҚАЗАҚСТАН)

Қола – Церенчимед СУХИ (МОҢҒОЛИЯ)

76 кг:

Алтын – Айпері МЕДЕТ КЫЗЫ (ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ)

Күміс – Самар ХАМЗА (МЫСЫР)

Қола – Пуджа СИХАГ (ҮНДІСТАН)

Айта кетейік, Болат Тұрлыханов Кубогына 15 елден 275 бозкілем шебері келді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес