13.06.2022 | 14:12

Брейкинг: Владимир Кальмиус Испаниядағы турнирде күміс жүлдегер атанды

3 маусымда Испания астанасы Мадридте брейкингтен халықаралық жарыс өтті. Рейтингте ұпай берілетін турнирге 30 елдің беткеұстар брейк-данс шебері қатысты. Ел намысын қорғаған Владимир Кальмиус ересектер арасында тамаша өнер көрсетіп, күміс медаль жеңіп алды. Отандасымыз іріктеуде Венесуэла, Германия, Израиль мен Аустрия спортшысын жеңді. Ал 1/8 кезеңде танымал Венесуэлалық Лил Джиден асып түсіп, сенсация жасады.

Айта кетейік, брейкинг 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада бағдарламасына қосылған спорт түрі. Бүгінде Қазақстан құрамасы әлем рейтингінде үздік үштіктің қатарында келе жатыр.

Біздің анықтама:

Брейк-данс, брейкинг өткен ғасрыдың 70 жылдары АҚШ-та пайда болған. Әуелі көше жастары арасында танылған спорт кейінгі жылдары қарқынды танылып келеді. Биші жігіттерді би-бойз (b-boys), ал қыздарды – би-гелз (b-girls) деп атайды. Мұндағы «B», яғни break – үзіліс деген сөз. Қазір брейк-данс 1957 жылы негізі қаланған Бүкіләлемдік би спорты федерациясының (WDSF) қол астында.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес