05.09.2023 | 18:40

Брейкингтен Ұлттық құрама Португалияда табысты өнер көрсетті

1-4 қыркүйек аралығында Португалияның Порту қаласында брейкингтен беделді халықаралық турнир өтті. Барлығы 80 елдің спортшысы қатысқан дода біздің құрама үшін табысты болды. Отандастарымыз брейкингтен 3 дисциплинада жеңіске жетті. Атап айтар болсақ, foot work бағдарламасында қазақстандық Диас Аубакиров пен Владимир Кальмиус финалда бақ сынап, батлда алғашқысы жеңді. Ал 7 to smoke номинациясында Диас Аубакиров жеңімпаз атанды.

Командалық сайыста Мынжас Мынжанов, Диас Аубакиров, Әділет Анарбекұлы, Дәулет Анарбекұлы, Владимир Кальмиустан жасақталған Қазақстан құрамасы топ жарды.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес