02.11.2022 | invalid

Бүгін Азия чемпионатында кімдер рингке шығады? (+трансляция)

Бүгін Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан бокстан XXXII Азия чемпионатында келесі қазақстандық былғары қолғап шеберлері рингке шығады.

Астана уақытымен сағат 17:00-де 57 кг дейінгі салмақта Серік Теміржанов пен Ихлас Гылычжанов (Түркменістан). Жеңгені ширек финалда жұдырықтасады.

63,5 кг. Санатәлі Төлтаев – Руслан Абдуллаев (Өзбекстан).

Ал кешкі сессияда (сағат 22:00) 51 кг дейінгі салмақтағы Сәкен Бибосынов – Кумар Спарш (Үндістан).

Әйелдер құрамасының өкілдері бүгін сынға түспейді. Айта кетейік, əйелдер арасында чемпионат басталмай жатып-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Мадина Нұршаева (66 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Лəззат Күнгейбаева (+81 кг) өз салмағында аз боксшы келгендіктен кемі қола медальге ие болады. Алайда жерлестеріміз мұнымен шектеліп қалмайды, деп сенеміз.

Азия чемпионатын мына сілтеме арқылы тамашалай аласыздар.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес