28.02.2026 | 09:53

BULGARIA OPEN 2026: ҚАЗАҚСТАН ТАЕКВОНДОШЫЛАРЫ БОЛГАРИЯДА 11 МЕДАЛЬ ЕНШІЛЕДІ

Болгария астанасы София қаласында таеквондодан (WT) Bulgaria Open 2026 халықаралық турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

G-2 санатындағы беделді додаға ересектер арасында 56 елден 645 спортшы қатысып, жаңа маусымның алғашқы маңызды жарысында өзара мықтыны анықтады.

Қазақстан құрамасы турнирде жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы есепте 5 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды. Осы көрсеткіштің арқасында Ұлттық құрама ересектер арасындағы жалпыкомандалық есепте 2-орынға тұрақтады.

Жүлдегерлер тізімі:

Алтын – Еркебұлан Еңсегенов (-54 кг)

Алтын – Жавохирхон Исламов (-58 кг)

Алтын – Эльдар Бірімбай (-74 кг)

Алтын – Батырхан Толеуғали (-80 кг)

Алтын – Тоғжан Қазнабек (-57 кг)

Күміс – Бейбарыс Қаблан (+87 кг)

Қола – Айдана Құмартаева (-46 кг)

Қола – Нодира Ахмедова (-49 кг)

Қола – Жазира Исина (-57 кг)

Қола – Батырхан Кусетов (-80 кг)

Қола – Жанель Сұлтанғалиева (-46 кг)

Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Ресей құрамасы иеленсе, үздік үштікті Иордания түйіндеді.

Жаңалықтардан қапы қалмау үшін бізге жазылыңыз:

Олимпиадалық Олимпиадалық емес